Қарағанды облысында Қарағанды-Алматы тас жолының 20-шы шақырымында "Фольксваген" микроавтобусының жүргізушісі көлігін аударып алды. Жол апаты салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Көлікте отырған 8 жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Тағы бір жол апаты Павлодар облысы Екібастұз қаласында болған. 24-маусым күні таңертең ерте "Мазда-626" және "Ауди-80" автокөліктері соқтығысып қалған. Оқыс оқиға салдарынан екі жүргізуші де сол жерде мерт болып, көліктерде отырған 4 жолаушы, соның ішінде 6 және 11 жастағы екі қыз бала түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.