Алматы облысы
04.02. сағат: 10,40-та ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, боран, көрінбеу) «Үшарал - Достық» (82-184 ш., Көктұма ауылы - Достық ауылы) автожол учаскесінде барлық бағыттар бойынша барлық автокөліктер қозғалысы тоқтатылды.
Ақмола облысы
04.02. сағат: 11.30-да ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінбеу) төмендегі автожол учаскелерінде:
«Қостанай - Әулиекөл - Сұрған" (232-260 ш., Қостанай облысының шекарасы - Сұрған ауылы);
«Жезқазған - Петропавл» (377-595 км);
«Жақсы - Есіл - Бұзылық» (0-82 км);
«Екатеринбург-Алматы» (856-917 км., Жақсы кенті - СҚО шекарасы) жолында автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысы тоқтатылды;
«Көкшетау-Атбасар» (0-184 км) жолында жүк және қоғамдық автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.
Ақтөбе облысы
04-02 сағат: 12.50-де ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, жолдың көрінбеуі) «Самара - Шымкент» республикалық тас жолы (773-842 ш., Белогорка ауылы - Дөң ауылына дейін) жүк және жолаушылар автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.
Қостанай облысы
04.02. сағат: 10.45-те ауа райының нашарлауына байланысты (боран) автожол учаскесінде:
«Қостанай - Әулиекөл - Сұрған» (108-232 ш., Әулекөл ауылынан - Челгаши - Ақмола облысының шекарасына дейін);
«Жезқазған - Петропавловск» республикалық автожолы (252-377 ш., Қарағанды облысының шекарасынан - Арқалық қаласы, Ақмола облысының шекарасына дейін) барлық автокөліктердің түріне жабылды.
Солтүстік Қазақстан облысы
04.02. ауа-райының нашарлауына байланысты (жаяу бұрқасын, көрінудің нашарлауы) «Еленовка - Арықбалық - Чистополье - Есіл» (17-209 ш.) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.