Елімізде денсаулық фестивалі өткізіледі

Фестивальді Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі ұлттық орталық пен ҚР президентінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия ұйымдастырады. Шараның мақсаты- ана мен баланың денсаулығын сақтау және оны қорғау ісіне қоғам назарын аудару болмақ.
Фестиваль шеңберінде еліміздің барлық елді мекендерінде бүкілхалықтық шаралар өткізіліп, оның барысында қалаған адамдар дәрігер-мамандардың ақыл-кеңесін алуға мүмкіндік тумақ. "Әйелдер өз құқықтарын, мемлекеттің оларға қандай емдеу және зерттеу шараларына ақысыз кепілдік беретінін білуге тиіс",- деді Қ.Төлебаев.
Алматыда осындай ең ауқымды шара "Фэмили" саябағында өтеді.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті