Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департамент басшысы Бауыржан Серікұлының айтуынша, домофон орнататын компаниялар көбіне тұтынушыларды алдап, пайда табуды көздейді екен.
“Негізінен сервистік компания домофон істен шықса ғана орындаған жұмысына ақша талап ете алады. Бұл үшін ай сайынғы төлем жасаудың қажеті жоқ”, – дейді ол.
Мәселен, Ақтау қаласында билік, тұрғындарға домофон қызметін ақысыз еткен. Қарағанды облысының басшылары да ай сайынғы төлемге қарсы.
Қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың айтуынша, тұрғындар келісімшарт бойынша тиісті қаржыны төлейді. Ал домофондар өз қаражатына сатып алынып орнатылса, өзге қызметтерге ақы берудің қажеті жоқ деп есептейді.
Елордалық компаниялардың бірінші хатшысы Александр Ким Ақтау мен Қарағандылық шенеуніктердің пікіріне келіспейтінін айтты. Оның ойынша, егер домофон қызметтері бойынша төлем жойылса, барлық компаниялардың жабылуынан кейін, домофондарды жөндейтін мамандардың жетіспеушілігі пайда болатынын ескертті.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі де бұл жағдайға тіпті, жеке компаниялармен келісім шартқа отырғанның өзінде олар шарт талабын бұзуы мүмкін екенін айтты.
"Жеке компаниялар үшінші бір тұлғаның қатысуынсыз, соңына дейін жауапкершілікті өз мойындарына ала отырып, қызмет көрсетуі керек. Мәселен, құрылғы бұзылған жағдайда өзге емес, осы компанияға хабарласа алатындай. Сәйкесінше, екі-үш ай төлем жасамасаңыз, домофон қызметі де ажыратылады”, – дейді бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің бас сарапшысы Архат Сыздықов.
Басқарма алдағы уақытта республика бойынша коммуналдық кәсіпорындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді көздеп отыр. Дегенмен, бұл әрекеттің қаншалықты нәтижелі болатыны белгісіз. Компаниялардың өз қалталарына түсетін ақшадан бас тартуы екіталай болса, жеке тұлғалардың да есіктен кіріп, шығуы үшін ай сайын салық төлеуге құлқы жоқ.