Caravan Logo

Елімізде дрон пайдалануды үйрететін 1 100 орта мектеп бар

Елімізде дрон пайдалануды үйрететін 1 100 орта мектеп бар

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

-Дрондарды пайдалану, әсіресе STEM-білім беру аясында, оқушылардың техникалық ойлау қабілетін, инженерлік дағдыларын дамытуға бағытталған. Бүгінгі күні елімізде мұндай мектептердің саны шамамен 1 100-ге жуық. Бұл мектептерде ол негізінен STEM-зертханалар аясында іске асырылады. Мұндай зертханаларда оқушылар дрондарды құрастыру, бағдарламалау және басқару секілді практикалық дағдыларды меңгереді, - деп жазылған ресми мәліметте.

Жалпы республика бойынша жеткіншектердің техникалық қабілетін ұштауға арналған 24 жас техниктер станциясы мен техникалық шығармашылық орталық бар.

-Қосымша білім беру процесіне дрондарды кіріктіру қаражат талап еткендіктен, бұл мәселе әрбір өңірдің мүмкіндіктеріне және қажеттіліктеріне қарай жоспарланатынын ескертеміз. Сондай-ақ биылғы оқу жылынан бастап еліміздің бірнеше техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында заман талабына сай пайда болған мамандықтардың бірі - дрон операторларын даярлау қолға алынды, - делінген министрлік жауабында.