Елімізде екі ірі жол апатынан төрт адам қаза тауып, тоғызы жараланды

Мәселен, таңертең Астанада Магистральная және Манас көшелерінің қиылысында "Мазда", "Фольксваген" және "Тойота" автокөліктері соғысты. Соның салдарынан "Мазда" автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі мен оның 43 жастағы жолаушысы оқиға орнында мерт болып, тағы 4 жолаушы, соның ішінде 11 және 14 жастағы екі жасөспірім түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Тағы бір ірі жол апаты Алматы облысында болды. 8-қараша күні кешке Алматы-Өскемен тас жолының 313-шақырымында "Мазда" және "Тойота" көліктері соқтығысып қалды. Апат салдарынан 44 жастағы "Тойота" жолаушысы мен 31 жастағы "Мазданың" жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. "Тойотаның" жүргізушісі мен оның жолаушысы, сондай-ақ, екінші көліктегі үш жолаушы ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті