Елімізде "Емдік дәрі-дәрмектер туралы" заң қабылданды

Заңда емдік дәрі-дәрмектердің айналымы саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін мемлекеттік мекемелер айқындалып, фармацевтикалық іс-қызметпен айналысуға лицензия беру, емдік дәрі-дәрмектерді өндіру және жасауды сертификаттау және тіркеу, олардың қосалқы әсерін есепке алу ережелері қарастырылған. Дәрі-дәрмектерді клиникалық тексеруден өткізу, клиникалық тексеруге дейінгі сынақтар, дәрі-дәрмектерді елімізге әкелу және оны шетелдерге шығару мәселелері айқындалған. Бұған қоса заң мемлекеттік дәріханалардың іс-қызметін реттейді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл - еліміз бойынша дәрілік заттардың айналымын реттейтін тұңғыш заң. Бұған дейін емдік дәрі-дәрмектерге қатысты іс-қызмет Елбасының жарлығы бойынша жүзеге асырылып келді.
Бүгін, 16-қаңтарда "Емдік дәрі-дәрмектер туралы" заң мемлекеттік БАҚ-тарда жарияланды. Заң баспасөзде жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.