Елімізде ең төменгі жалақы мөлшері 9,2 мың теңгеге дейін ұлғайтылады

Н.Назарбаевтың хабарлауынша, мұғалім, дәрігер, мәдениет және әлеуметтік қамтамасыздық жүйесі тәрізді бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақы мөлшері орта есеппен 32 процентке артады. "Ел экономикасының мүмкіндіктеріне сәйкес 2007-жылдан бастап тағы да 30 процент қоса аламыз",- деді мемлекет басшысы.

Сонымен бірге 1-шілдеден бастап мемлекеттік қызметкерлердің жалақы мөлшері 32 процентке, ал 2007-жылдан бастап 30 процентке артады.