Елімізде ең жоғары жалақыны көлік саласының қызметкерлері алады

2017 жылы Қазақстан кәсіпорындары жұмысшыларына көп көңіл бөле бастады. Экономика саласының 48%-інде (45 сала) нақты жалақының өсуі байқалған, бұл көрсеткіш өткен жылы 35%-ке (33 сала) жеткен.

Сәйкесінше, 2017 жылдың бірінші тоқсанында айлық жалақы бойынша сатып алуға деген қабілеттің төмендеуі өткен жылмен салыстырғанда 45 салада байқалған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 57-ні құраған.

Бірінші тоқсандағы нақты жалақы индексінің өсуі (2016 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда) 0,4%-тен 39,7%-ке дейін жеткен.

Сонымен қатар, нақты жалақының қысқаруы - өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет түрлерімен айналысатын кәсіпорындарда 72,1%-ті құраған.


Қазақстан экономикасындағы орташа айлық жалақының ең көп көрсеткіші биыл жұмыспен қамту саласында тіркелген. 2016 жылдың қаңтар-наурыз айындағы көрсеткішпен салыстырғанда бұл салада жұмыс істейтін мамандардың жалақысы 100,8 мың теңгеге немесе 30%-ке өскен.