Кәсіподақтар федерациясының төрағасы тосын сыйға таңырқаса да одан бас тарта алған жоқ. Ал күрең қою шайдың үстінде Қазақстанда еңбек дауының шешіле қоюы екіталай. Себебі соңғы 3 жыл ішінде елімізде қара жұмысшылар 80 рет көтеріліп ереуілге шыққан. Ең жанжалды аймақ ретінде Маңғыстау мен Қарағанды облысы және Астана қаласы танылып отыр. Батыста мұнайшылар, Орталықта металлургтер, Арқада құрылысшылар жалақыларын талап етіп, адамды құлша жұмысқа жегетін басшыларына қарсы шығуға мәжбүр. Соңында соттан әділдік таба алмай жатқаны бар.
Оның үстіне әлемдегі экономикалық дағдарыс кәсіпорындарды банкротқа ұшыратуы мүмкін. Бұл өз кезегінде наразылықтың тағы күшеюіне әкелуі ықтимал.
Әбілғазы Құсайынов, Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы:
-Еліміздегі даулы компаниялардың тізімі бар. Бәрін қадағалап отырмыз. Былтыр жұмысшылардың ала алмай жүрген 1,5 миллиард теңге жалақысын қайтарып бердік.
Loading...