Елімізде есірткіге қарсы жаппай тексеру басталмақ

Сұлтан Құсетов, ҚР ІІМ Есірткі бизнесімен күрес департаментінің басшысы:

-Қазір белгілі санаттағы адамдарды нашақорлыққа қарсы тесттен өткізу мәселесі талқыланып жатыр. Жоспар бойынша,  кәмілеттік жасқа толмағандарды, әскер қатарына шақырылған азаматтарды, мемлекеттік қызметкерлер мен көлік жүргізушілері және күзет компанияларының жұмысшыларын тексеріледі.

Сондай-ақ, полицейлер есірткі сататын интернет-сайттардың да жұмысын тоқтатпақ. Қазір ғаламтордағы есіртік саудасы қызып тұр. Тұтынушы мен  делдал жүздеспей-ақ тапсырыс беріп, еш қиындықсыз тауарды ала алады.  Ішкі істер министрлігі мұндай сайттарды жабу үшін арнайы заң жазыпты. Енді құжатты Парламентке жібермек. Сақшылар қазір де қарап отырған жоқ. Заңсыз жұмыс істеп тұрған интернет-дүкендерді күні-түні іздестіруде. Электрондық терминалдар да қатаң бақылауда. Өйткені, есірткіні сатып алушылар тауардың құнын кәдімгі ұялы телефонға ақша салатын терминалдар арқылы аударады екен.

Loading...