Елімізде естен тандыратын есірткі ашық сатылып жатыр

Трамадол – анкологиялық ауруға қарсы дәрі. Бірінің ауруын басса, енді бірі үшін бұл қолжетімді есірткі. 1-2 рет қолданған адам келесіде онсыз тұра алмайды. Алғашында 5 таблетка пайдаланса, кейін мұның 50-ін бірден ішетін жағдайға жетеді. Ал, оның беретін әсері героинмен пара пар. Бұған әсіресе бала ағзасы тез бейімделеді екен.

Ольга Агапова, «Еркін адамдар» қорының директоры:

-Трамодол 100 пайыз тәуелділік тудырады. Осы аптада құрамында синтетикалық есірткі заты бар дәріге тәуелді 5 жасөспірім тіркелді. Олардың психикасы әлі орнықпаған. Қызығып бастайды да, қара түнектен шыға алмай қалады.

Қара түнектен шыға алмай қалған жасөспірімдер саны өкінішке орай бірлі жарым емес, соңғы уақытта ондап санала бастаған. Бірінші кезекте бұған дәріхана сатушыларының ашкөздігі себеп. Тиынға қызыққан олар препаратты кім көрінгеннің қолына ұстата салады. Белгілі себептермен жүзін көрсеткісі келмеген мына бала сондай дәріханалардың бірінің тұрақты клиенті.

-Көп дәріханалар ашық түрде сатады. Ол үшін пайдаланатын құпия сөздер бар. «Ланахер» десең дәріханадағылардың бәрі түсінеді. Ал, «рубажка» сөзі арқылы өнімнің мөлшерін сұраймыз.

Ресей мен Беларусьте «Трамадол» есірткі қатарына жатқызылып, қолдануға мүлдем тыйым салынған. Бізде де дәрігердің нұсқауымен ғана пайдалануға рұқсат. Бірақ, бұл дәріханаларға тұсау болмай отыр. Трапикалид, цикломед, сомнол де трамодол сияқты ескірткі дәрілердің қатарында. Ұйқы шақырамын, ауруды басамын деп әсері күшті дәріні асыра қолданудың соңы нашақорлыққа әкелуі мүмкін. Сондықтан дәрігерлер әсіресе буыны қатпаған балалардан барынша абай болуыға шақырады.


Гүлмира Әбдібаева, нарколог дәрігер:

-Алматы қаласында біз жиі кездесіп жатамыз. Ұйқы шақыратын, тынышталдыратын «Сомнол» деген дәрі бар. Мысалға келтіріп айтатын болсақ, «сомнолды» да негізінен әйелдер арасында жиі кездесіп жатады. Ұйықтататын, тыныштандыратын деп ішіп, кейіннен мөлшерін тым асырып жібереді. Содан кішкене тәуелділік туындап қалады.

Дәріні пайдаланушылардың дені кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер. Олардың қатары күн санап көбейіп жатқаны мамандардың алаңдаушылығын туғызды. Бұл бірінші ретте еліміздегі фармацептикалық бақылаудың жоқтығынан дейді наркологтар. 

Loading...