Елімізде "Ғарыштық қызмет туралы" заң жобасы 2006 жылы әзірленеді

А. Қосыновтың сөзіне қарағанда, қазіргі кезде дайындалып жатқан жобада ғарыштық қызмет саласын толық реттейтін бөлімдерді қамту көзделуде.

Ал ғарыштық қызмет мәселесін жауаптанған дербес мекеме құру туралы ұсынысқа тоқталған А.Қосынов бұл үкіметтің құзырындағы мәселе деп атап өтті.
Үкіметтік сағат аясында Байқоңыр ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыштық-зымыран кешенін құру жобасына қатысты мәселе де талқыланды. Отырыс жабық есік жағдайында өткізілді. А.Қосыновтың айтуынша, "бұл - Қазақстан- Ресей бірлескен "Бәйтерек" кәсіпорнын құру туралы келісім-шартының құпиялық сипатына байланысты".
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Байқоңыр ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыштық-зымыран кешенін құру туралы үкіметаралық келісімге 2004-жылдың желтоқсан айында қол қойылды.
Ал 2005-жылғы 30-наурызда Астанада "Қазақстан- Ресей бірлескен "Бәйтерек" кәсіпорны" АҚ-ның құрылтайшылық құжаттарына қол қойылды.