Елімізде инновациялық жобалардың In-tech -2004 атты екінші олимпиадасы басталды

Б.Әбдірәфіловтың айтуынша, олимпиаданың басты мақсаты - дарынды жастарды анықтап, жаңашыл жастарға өз әлеуетін жүзеге асыруға қолдау көрсету болып табылады. Өз тарапынан инжиниринг орталығы ең келешегі зор жобалар қаржыландырылып, "Алатау" техосаябағын дамыту жобасының аясында жүзеге асырылуы үшін қолдан келгенінше мүмкіндік жасайды, деді ол.

Олимпиаданы ұйымдастырушылардың айтуынша, 2005-жылы шараның аясы мейлінше кеңейтіліп, ол халықаралық сипатқа көшті. Оған еліміз бен Орталық Азия аймағындағы басқа елдерден 300-дей қатысушы өз жұмыстарын келтіреді деп күтілуде.
Байқауға 28 жасқа дейінгі мектеп оқушылары мен студенттер шақырылады. Жұмыстар 2005-жылдың сәуір айына дейін қабылданады. Олимпиаданың жалпы жүлде қоры 6 млн. теңгеден асады.
Б.Әбдірәфіловтың хабарлауынша, олимпиадаға қатысушылар түгелдей "Алатау" техосаябағын басқарушы компания болып табылатын "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ-ның мәліметтер қорына енгізіліп, олардың кандидатурасы осында өз өндірісін ашуға ниет білдірген кәсіпорындарға ұсынылады.