"Қазір біз бастапқы жарна көлемін 10 проценттен төмендетуге талпынудамыз. 5-7 процент аясынан шықпайтын шығармыз. Сонымен бірге несие беру мерзімін 30 жылға созу көзделіп отыр",- деді Д.Әлімжанов.
Өз кезегінде "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ басқармаларының төрйымы Майко Сағындықова 2005-жылдың 7-шілдесінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қосымша құжатқа қол қойылғанын хабарлады. Қосымшаға сәйкес тараптар Қазақстан ипотекалық компаниясының арнаулы бағдарламасы бойынша таратылатын ипотекалық несиеден әріптес-банктер тарапынан жиналатын комиссиялық алым мөлшерін 0,5 проценттен арттырмау жөнінде шешім қабылдады. Ал бұған дейін бұл алым 1 процент және одан да жоғары болып келген.
"Қазақстан ипотекалық компаниясының әріптес банктері қазірдің өзінде азаматтарға меморандумда белгіленген шарттар аясында қызмет көрсете бастады",- деді төрайым.
Республика үкіметі мен ҚР Ұлттық банкінің қолдауымен "Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік қоры" АҚ несие алушылардың таза шығындарына 100 проценттік кепілдік беруге бағытталған жаңа өнім шығарды. Ол әлеуметтік қорғаудағы азаматтардың ипотекалық несие алу шарттарын жеңілдетуге және мемлекеттік бағдарлама аясында ипотекалық несие беру көрсеткіштерін төмендеруге мүмкіндік береді. М.Сағындықованың айтуынша, аталмыш өнімді пайдалану нәтижесінде банктердің маржасы 2 есе азайып, ипотекалық несие бойынша негізгі қарыздың 1,1 процентінен аспайды. Соның нәтижесі іспетті банктер мен ипотекалық компаниялар жылдық сыйақы мөлшерін төмендетуі мүмкін.
"Банктер өз шығындарын азайтып, комиссиялық алым мөлшерін 0,5 процентке дейін, ал маржа көлемін 1 процентке дейін азайтқан кезде несиелік өсім мөлшері кем дегенде 1 процентке төмендеп, 9 процентті құрайды деп күтудеміз",- деді Д.Әлімжанов.
Қазіргі таңда мемлекеттік бағдарлама аясында ипотекалық несиелендіру шарттары мынадай: бастапқы жарна несие сомасының 10 процентін, қарызды өтеу мерзімі 20 жылды, несие ставкасы 10 процентті құрайды.
Сонымен бірге, "Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры" АҚ басқармаларының төрағасының айтуынша, егер елімізде инфляция деңгейі төмендеген жағдайда 2006-жылдың өзінде ипотекалық несиелер бойынша рыноктағы ставканы 12-15 проценттен 10-12 процентке дейін төмендетуге мүмкіндік бар.