Елімізде қандай стоматологиялық қызмет тегін көрсетіледі? 

Ел азаматтарына қайтадан зейнетақы жинақтарына тіс емдеуге мүмкіндік берілуі мүмкін. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова хабарлады. Caravan.kz медиа порталы жалғастырады. 

Аталмыш қызметтің қайта іске қосылуы цифрландырудың арқасында мүмкін болмақ. 

«Біз қазір Денсаулық сақтау министрлігімен тығыз жұмыс жасап жатырмыз. Біздің мақсатымыз - қызметті барынша қолжетімді және ашық ету. Өкінішке қарай, халықтың 10 пайызы қаражатты дұрыс пайдаланбағандықтан, қалған 90 пайыз адам бұл мүмкіндіктен айырылды. Бұл әділетсіз деп санаймын. Сондықтан 2026 жылдың соңына дейін біз процесті цифрландыруға жұмыс жасап жатырмыз. Барлық стоматологиялық клиникалар жүйеге енгізіледі. Онлайн форматта атқарылған жұмыстар туралы акт жасалады, министрлікпен интеграция орнатылады, бәрі анық және ашық болады», — деді Ибрагимова inbusiness.kz порталына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, төлемдерді рәсімдеу және бақылау порталы әлі әзірленуде. Ол 2026 жылдың 15 сәуіріне дейін қолжетімді болмайды. Жоспар бойынша қызмет 3-4 тоқсанда іске қосылады. 

Бұрын неге БЖЗҚ қаражатына тіс емдеуге тыйым салынды?

2025 жылдың қыркүйегінде Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы қаражатын стоматологиялық қызметтерге пайдалану мүмкіндігін толықтай тоқтатты. Себебі ақша заңсыз шығарылған алаяқтық фактілері тіркелген.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, Атырау облысында бес қылмыстық топ анықталды, олар азаматтарға БЖЗҚ қаражатын заңсыз шығаруға көмектескен.

«Схеманы ұйымдастырушылар Қазақстанның әртүрлі қалаларында орналасқан болып көрінетін 30-дан астам стоматологиялық клиниканы пайдаланған, бірақ олар тек қағаз жүзінде ғана болған. Оларда ғимараттар жоқ, құрылтайшылардың медициналық білімі болмаған. Қызметтері үшін азаматтардан қаражаттың 10-20 пайызын алған», — деді агенттік өкілдері.

Бағалау бойынша, алаяқтар 200 миллиард теңгеден астам қаражатты заңсыз шығарған. Бұл қаражатқа олар элиталық көліктер, брендтік зергерлік бұйымдар, коммерциялық нысандар, пәтерлер және жер учаскелерін сатып алған.

Қазақстанда қандай қызмет тегін көрсетіледі? 

Қазақстанда базалық стоматологиялық қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы қаржыландырылады. 2024 жылы бұл мақсатқа бөлінген қаражат көлемі 34 миллиард теңгеге артты.

Алайда тегін ем барлық азаматтарға қолжетімді емес. Жоспарлы және жедел стоматологиялық көмек келесі азаматтарға көрсетіледі:

Жедел жағдайда тегін көмек мына санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

Жоспарлы стоматологиялық қызметтердің қатарына профилактикалық тексеріс, кариесті емдеу, тіс қағы мен тасын тазарту, қарапайым және күрделі тіс жұлу, сондай-ақ композиттік материалдан пломба қою сияқты қызметтер кіреді.

Ал жедел стоматологиялық көмекке асқынған кариес, пульпит, периодонтит және альвеолитті емдеу, күрделі тісті жұлу, абсцесті ашу, невралгия мен невритті емдеу, сондай-ақ ауыз қуысы аймағындағы қатерсіз ісіктерді алып тастау сияқты қызметтер жатады.

Сонымен қатар МӘМС есебінен ерін мен тілдің қысқа жүгеншесіне пластикалық операция жасалады. Бұдан бөлек, туа біткен жақ-бет ақаулары бар балаларға және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 6–12 жас аралығындағы балаларға тегін ортодонтиялық көмек көрсетіледі.

Стоматологиялық қызметті мемлекеттік емханаларда да, МӘМС қорымен келісімшарт жасасқан жеке клиникаларда да алуға болады. Қызмет көрсететін клиникалардың толық тізімін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтынан немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы білуге болады.

Қазақстандағы және әлемдегі стоматологиялық қызметтердің бағасы

Қазақстандағы жеке клиникаларда стоматологиялық қызметтердің бағасы әртүрлі. Ranking.kz мәліметтері бойынша (2024 жылғы қаңтар):

Бұл қызметтердің ең төмен бағасы Павлодар мен Көкшетау қалаларында тіркелген. Ал ең жоғары бағалар Атырау, Ақтау және Орал қалаларында байқалады.

Әлемде стоматологиялық қызметтер әлдеқайда қымбат: