Елімізде қанша әйел тұрады?

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда 10 381 377 әйел тұрады – бұл ел халқының 51,1%-ын құрайды. Соңғы 10 жылда қазақстандық әйелдердің саны 15,2%-ға өскен.

Елде әйелдер ең көп тұратын өңірлер:

Әйелдердің басым бөлігі қалалық өмірді қалайды – 64,4%-ы мегаполистерде тұрса, 35,6%-ы ауылдық жерлерде тұрады.

Қазақстандық әйелдердің орташа жасы – 34,1 жас.

Келе жатқан мерекемен құттықтаймыз! Бұл күн сізге қуаныш, шабыт және ең жылы лебіздер әкелсін! - деп нәзік жандыларды мерекемен құттықтады Ұлттық статистика бюросы.