Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа ақпараттық жүйе елдегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды іс жүзінде нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.
Бүгінде мамандар цифрлық форматта:
* халықты вакцинациялаумен қамту туралы;
* вакциналардың қозғалысы туралы;
* зертханалық зерттеулер туралы;
* қауіпсіз емес өнімдерді анықтау туралы;
* нысандардың санитариялық жағдайы туралы деректерді жедел ала алады.
Вакцинациялау модулінде бүгінде 4 616 180 вакцина алған азамат туралы мәлімет жинақталған. Бұл профилактикалық екпелермен қамту деңгейінің төмендеуін дер кезінде анықтап, өңірлердің жұмысын тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді.
Вакциналардың барлық кезеңдегі қозғалысын толық цифрлық қадағалау олардың жоғалу, мақсатсыз пайдаланылу қаупін азайтып, бюджет қаражатының жұмсалуын бақылаудың тиімділігін арттырады. Алдағы уақытта министрлік санитариялық саламаттылық деңгейі бойынша нысандардың рейтингін енгізуді жоспарлап отыр.
Бұл тұрғындарға қоғамдық тамақтану орындарын, балалар ұйымдарын және басқа да нысандарды таңдау кезінде объективті ақпаратқа сүйенуге мүмкіндік береді.