Елімізде Қазақстан есімді 28 азамат тұрады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның тек біреуі ғана әйел адам

Қазақстанда есімі мемлекет атауымен аталған 28 азамат бар, деп хабарлайды ұлттық статистика бюросы.

Олардың көпшілігі Орталық Қазақстанда тұрады.

Қарағанды облысында – 7;

Ақмола облысында – 6 адам;

Қостанай облысында - 3 адам;

Астанада – 3 адам;

Алматыда 2 адам;

Маңғыстау облыстарында 2 адам;

Шымкент қаласында – 2 адам бар.

"Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында – бір-бір азаматтан тұрады. 28 адамның ішінде тек бір әйелдің есімі Қазақстан", - дейді ведомстводағылар.

Жас ерекшеліктері бойынша ең қарт Қазақстан 92 жаста, ең жасы 25-те.