Елімізде қоғамдық орындарда хиджаб киюге тыйым салу мәселесі қарастырылып жатыр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Депутаттың айтуынша, Қазақстанда діни кіим киюге тыйым салу мәселесі өзекті мәселе болып тұр.

“Бүгінде біз үшін ең маңызды мәселе – еліміздің ұлттық мүддесін, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетімізді сақтап қалу. Қазіргі қоғамда қара киім киген қазақтардың көбейіп жатқанын байқаймыз. Бұл жағдай біздің болашақ ұлттық мүддемізге үлкен зиянын тигізеді”, – дейді Ермұрат Бәпи.

Ол тиісті заң жобасы алдағы сессияда парламентке енгізілетінін айтты.

“Сондықтан біз, бір топ депутат, осындай заң жобасын дайындадық. Ол парламентте күзгі сессияда ұсынылады. Қоғамдағы хиджаб, никаб және басқа да діни киімдер мәселесі осы заң қабылдағаннан кейін шешімін табады деп ойлаймын. Сонда ғана біз діни киім кию мәселесін реттейміз”, – дейді депутат.