Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жол көлік оқиғаларының тағы бір факторы көлік тәртібінің төмендігі. Министрлікпен жолдарда тәртіп орнату бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Басты назар – профилактика, – деді Сәденов үкімет отырысында.
Ведомство басшысы профилактика жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын айтып, тіркелген деректерді атап өтті.
Жол ережесін бұзу 58%-ға, қарсы жолаққа шығу деректері 70%-ға көп анықталды. Ұсталған «мас» жүргізушілердің саны 15%-ға өсті, барлығы әкімшілік қамауға алынды. Мас күйінде қайта басқару фактілері бойынша қылмыстық істердің саны 20%-ға көбейді . Өрескел бұзушыларды құқығынан айыру 2 есеге өсті. Осылайша, ауыр зардаптардың жолын кесудеміз, – деді министр.
Сәденов жолдарда бақылауды күшейту үшін цифрлық шешімдер енгізіліп жатқанын айтады.
Қалаларда жол ережелерін бұзуды тіркейтін 24 мыңнан астам автоматты камера орнатылды. Патрульдік автокөліктерді бұзушылықтарды тіркейтін жүйелерімен жабдықтаудамыз. Бүгін осындай жүйелерді маршруттық автобустар,жедел жәрдем және мемлекеттік автокөліктерге орнату мәселелері пысықталуда, – деді ІІМ басшысы.