543 адам коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен ауырды. Коронавирус ауруы 126 пациентте ПТР тестімен расталды.
1 тамыздан бастап ПТР сынағы теріс пневмонияның 25 658 жағдайы анықталып, 284 адам қайтыс болды.
Ал пандемия басталғаннан бері (13 наурыздан бері) Қазақстанда пневмонияның 105 684 жағдайы тіркеліп, 1 581 адам қайтыс болды.
Қазіргі уақытта 7 968 адам коронавирустық инфекцияны емдеуді жалғастыруда, оның ішінде 33 бала бар. Стационарларда 3 843 пациент жатыр, амбулаториялық деңгейде – 4 125 адам ем қабылдауда.
213 адамның жағдайы ауыр болса, 37 науқас өте ауыр хәлде жатыр. 42 пациент тыныс алдыру аппаратына қосылған.