Елімізде коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандар саны азайып келеді

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 14 адам қайтыс болды.

21 қарашадағы мәлімет бойынша, 30 408 адам коронавирус инфекциясынан (–26 231+ және 4 177 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 410 пациент стационарда, 23 998 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 486 адамның жағдайы ауыр,
• 124 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 89 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 21 қарашадағы мәлімет бойынша 101 жаңа жағдай тіркелді, 199 адам жазылып шыққан, 7 адам көз жұмған.


Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:

- науқастар саны – 81 955;

- өлім жағдайы – 5119;

- барлығы 72 659 адам сауығып шықты.