Елімізде күн күрт суытып қар аралас жаңбыр жауады


«Қазгидрометтің» мәліметі бойынша, батыстан ауысқан циклонның әсерінен күн суытып, жауын-шашын көбейеді. Солтүстік-батыстан күшті жел соғып қара аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Елдің барлық аймақтарында түнде ауа температурасы нольден – 5 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстік-шығыс облыстарда жаңбыр жауып, қазанның төртінде үсік жүреді деп болжануда.