Елімізде лаңкестерге арналған құпия зират пайда болады


Үкіметтің арнайы қаулысына сәйкес, лаңкестік әрекет жасау немесе арнайы операция кезінде өлтірілген бүлікшілердің денесі бұрынғыдай  туған-туыстарының қолына табыс етілмейді. Олардың қай жерге көмілетіні де құпия сақталады. Тіпті бейіттерінің басына ешқандай белгі қойылмайды. Ал, жерлеу рәсімдерімен жергілікті әкімдіктер айналыспақ. Айта өтейік, лаңкестердің мұнай құпия зираттары қазір бірқатар батыс елдерінде, Израиль, АҚШ пен Ресейде бар.