Елімізде мәслихат депутаттығына кандидат ұсыну мерзімі аяқталды

2003-жылдың 24-шілдесі таңертеңгі сағат тоғыздағы мәлімет бойынша барлығы 8184 үміткердің аты ұсынылды. Соның ішінде облыстық мәслихатқа 1969 кандидат ұсынылып отыр. Атап айтсақ, Ақмола облысынан - 89, Ақтөбе облысынан - 53, Алматы облысынан - 93, Атырау облысынан - 55, Шығыс Қазақстан облысынан- 124, Жамбыл облысынан - 176, Батыс Қазақстан облысынан - 66, Қарағанды облысынан - 208, Қызылорда облысынан - 92, Қостанай облысынан - 94, Маңғыстау облысынан - 79, Павлодар облысынан - 80, Солтүстік Қазақстан облысынан- 77, Оңтүстік Қазақстан облысынан - 199, Астанадан - 177, Алматыдан - 307 адамның аты ұсынылды. Аудандық мәслихаттарға 3951 кандидат ұсынылды, соның ішінде Ақмола облысынан - 346, Ақтөбе облысынан - 164, Алматы облысынан - 333, Атырау облысынан - 185, Шығыс Қазақстан облысынан- 396, Жамбыл облысынан - 390, Батыс Қазақстан облысынан - 184, Қарағанды облысынан - 267, Қызылорда облысынан - 291, Қостанай облысынан - 299, Манғыстау облысынан - 95, Павлодар облысынан - 157, Солтүстік Қазақстан облысынан- 206, Оңтүстік Қазақстан облысынан - 638 адамның аты ұсынылды.

Қалалық мәслихаттардың депутаттығынан үміткер ретінде 2264 адам тіркелді, соның ішінде Ақмола облысынан - 100, Ақтөбе облысынан - 42, Алматы облысынан - 88, Атырау облысынан - 48, Шығыс Қазақстан облысынан- 308, Жамбыл облысынан - 115, Батыс Қазақстан облысынан - 86, Қарағанды облысынан - 503, Қызылорда облысынан - 62, Қостанай облысынан - 229, Манғыстау облысынан - 79, Павлодар облысынан - 179, Солтүстік Қазақстан облысынан- 77, Оңтүстік Қазақстан облысынан - 348 адамның аты ұсынылды.
Мәслихат депутаттығынан үміткер ретінде кандидат ұсынуға байланысты нақтыланған деректер ҚР Орталық сайлау комиссиясына әлі де келіп түсуде.
2003-жылдың 20-шілдесінен бастап барлық деңгейдегі мәслихат депутаттағына аттарын ұсынған кандидаттарды тіркеу басталды.
2003-жылдың 24-шілдесі таңертеңгі сағат тоғыздағы мәлімет бойынша барлығы 55 адам тіркелді. Соның ішінде облыстық мәслихаттарға 12 адам, нақтырақ айтсақ, Ақмола облысынан -6, Павлодар облысынан -4, Солтүстік Қазақстан облысынан -2 адам тіркелді. Аудандық мәслихаттарға 35 кандидат тіркелді, атап айтсақ, Ақмола облысынан - 20, Павлодар облысынан -6, Солтүстік Қазақстан облысынан -9 адам тіркелді. Қалалық мәслихаттарға 8 адам тіркелді, олардың 8-і де Павлодар облысынан.