Елімізде мәжіліс депутаттығынан үміткерлердің атын ұсыну аяқталып келеді

Мәжіліс депутаттығынан үміткерлердің атын ұсыну 18-шілдеде басталып, 9-тамыз, дүйсенбіге дейін созылды. Кандидаттарды тіркеу 18-тамызға дейін жалғасады.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, 8-тамыз күнгі жағдаймен мәжіліс депутаттығынан үміткер 556 адамның аты ұсынылды. Соның ішінде 307 адам дербес ат ұсынса, "Отан" партиясынан 64 кандидаттың, "Асар" партиясынан - 42, "Ақ жол" партиясынан- 40, "АИСТ" блогынан - 28, "ҚКП мен Демократиялық таңдау партиясы" блогынан - 24, Демократиялық партиядан - 16, Патриоттар партиясынан - 11, "Ауыл" партиясынан- 8, Халықтық Коммунистік партиядан - 7 , "Руханият" партиясынан - 5 адамның аты ұсынылды. 251 адам тіркелді. Мәжіліс депутаттарын сайлау 19-қыркүйекке белгіленген.