"Елімізде мектепке бармай, қап қара киініп оранып алған қыздар өте көп" - заңгер Айгүл Орынбек

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Елімізде Айша сияқты мектепке бармай, қап қара киініп оранып алған қыздар өте көп. Бұндай қыздарды кінәлап қажеті жоқ, бұларды осы дәрежеге жеткізгендерді кінәлау керек!

Айша 13 жасынан зорлық зомбылық көрген. Зомбылық жасаған еркек Айшаның тырдай жалаңаш суретін, видеоларын әлеуметтік желіге саламын деп бопсалаған.

Сарыағаш аудандық полициясы Айшаның арыз шағымын жаба салғанына қарағанда, бұл ағымдағылар шынында да күшті болып тұр", - деп жазды заңгер.