Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ол мониторинг нәтижесінде білім беру ұйымдарында оң динамика байқалатынын атап өтті.
Оқу-ағарту министрінің мәліметінше, 2020 жылмен салыстырғанда бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету – 2,5 есеге, жедел басқару орталықтарына қосылу – 11 есеге, лицензияланған күзетпен қамту – 7 есеге және дабыл түймесін орнату – 21 есеге артқан.
2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша бейнебақылау жүйелерімен білім мекемелері 100 пайыз қамтылған, әкімдіктер оларды нұсқаулықтың жаңа талаптарына сәйкестендіру жұмыстарын жүргізуде. Ал жедел басқару орталықтарына 6 мыңға жуық білім ошақтары қосылған. Лицензияланған күзетпен 2 мыңға жуық, дабыл түймелерімен 2400-ден аса білім беру нысандары қамтылған.Дегенмен, бұл жұмысты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бірқатар өңірде 2023 жылдың қыркүйегіне дейін толық аяқтауы қажет, - деді Ғани Бейсембаев.