Елімізде мемлекеттік бағдарламамен алынған пәтерді жалға беруге тыйым салынды

Жасырын емес, қазір мемлекеттің арзан үйіне қол жеткізгендер әсіресе, шенеуніктер, оны жалға беріп қойған. Бұған тыйым салынғанымен оны кімнің қалай қадағалайтыны  әзірше белгісіз. Анығы – наурызда Астана, Алматы, Қостанай, Көкшетау мен Семейде 1357 пәтер таратылады. Бір қызығы, 35 мың адам кезекте тұрған Елордада осы айда бар жоғы 86 баспана берілмекші екен. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша, биыл пәтерлердің шаршы метрі де бұрынғыдай даңғарадай емес, әжептәуір кішірейтілген. Арзан баспанаға тек облыстық әкімдердіктерде кемі екі жыл кезекте тұрғандар үміттене алады. Салынатын үйдің 50 пайызы 35 жасқа дейінгі жас отбасылар арасында бөлінуі тиіс. Қазіргі таңда еліміз бойынша 300 мың адам пәтерге мұқтаж. Бұл бағдарламаның жүзеге асуына Үкіметпен бірге «Бәйтерек» ұлттық холдингі жауапты. Бүгін осы холдинг өткізген алғашқы  қоғамдық кеңесте депутаттар үйлердің әділ бөлінуін талап етті.

Дариға Назарбаев, Мәжіліс төрағасының орынбасары:

-Жаңа бағдарлама бойынша,іріктеу, пәтердің бөлінуі әділ әрі ашық жүргізілуі тиіс. Үйлердің кешігуі, сапасыз салынуына жол берілмеуі қажет. Сондықтан әкімдердіктерде сенім телефондары қойылып, оған тұрғындар түрлі заңсыздықтарды айта алуы керек. 

Loading...