Қоғамдық орында темекі тарту тоқталығанымен, насыбай саудасына тізе батпай келген еді. Оны қолдануды шектеу туралы айтылғалы 6 жыл өтсе де, бүгінге дейін ескерусіз келді. Дегенмен, мамандардың табандылығымен бұл мәселеге де нүкте қойылды.
Жәмилә Садықова, «Темекі түтінінен азат Қазақстан» қозғалысының жетекшісі:
-Енді насыбайды сатуға, қолдануға және алып жүруге тыйым салынып отыр. Яғни бұрын арнайы заңда тек қоғамдық орындарда шылым тартуға болмайды деп жазылса, енді заңның аясы барынша кеңейтілді.
Заң аясын кеңейту арқылы енді мұрынмен иіскейтін, ауызға салып соратын осындай өнімдерге шектеу қойылды. Алайда адам көп жиналатын жайма базарлар маңы қара түйіршіктердің нағыз саудасы жүретін нүктелеріне айналған.
Бұл қызықтың бер жағы. Базар айналасын былай қойып, ішіне кіре түссеңіз, нағыз сауда сонда дерсіз. Мәселен, мына азаматтың қара түнектің ішінен сауда орнын ашып, насыбай сатып жатқанына 10 жылдан асыпты.
Әсіресе жастар арасында көп қолданылатын насыбайдың адам денсаулығына зияны көп. Тіпті, соңы қатерлі ісікке де апаруы мүмкін. Бұл жөнінде дәрігерлер дабыл қағып отыр.
Гүлмира Әбдібаева, нарколог:
-Насыбайдың денсаулыққа зияны орасан зор. Бірнеше рет қолдану қатерлі ісікке соқтырады.
-Еуропада мұндай зиянды заттарды қолдануға сонау 90-жылдары тыйым салынған. Біздің елде шектеу енді ғана қолға алынып жатыр. Статистикаға сүйенсек, еліміздегі ересектердің 10 пайызы осыны тұрақты қолданады екен. Салдарынан ауыз қуысы мен асқазандағы қатерлі ісікке шалдығушылар саны жыл сайын артып жатыр. Ал жаңа заң талабының бұл статистикаға қаншалықты өзгеріс енгізетінін алдағы уақыт көрсетер.
Loading...