Бұл идеяның авторы - шымкенттік университеттің профессоры Нұрәлі Өткелбаев. Жергілікті "Оңтүстік Қазақстан" газетінің жазуынша, аталған ұсыныс білім және ғылым министрлігінен қолдау тапқан, деп жазды Абай.кз.
Профессордың есебінше, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баяндамалары, халыққа жолдауы, сұқбаттары мен ғылыми-әлеуметтік мақалалары және кітаптарын бәрін жинағанда 101 томды құрайды.
Бұл дүниелердің бәрі ғаламдық деңгейдегі еңбектер деп атап өтеді Өткелбаев.
"Расында ұжымдық сана керек. Ол үшін арнайы курстардан бастап, бұл жобаларды ашық талқылау керекпіз", - деп ұсыныс жасайды ол.
Бұл ғылыми-педагогикалық жұмыстарға жауапты білім министрлігінің өзі болуы тиіс дейді "Назарбаевтану" жобасының авторы.