Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл жайлы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді.
"Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша тұтынушылық қарыздар 2020 жылмен салыстырғанда едәуір артқан. Барлық деңгейдегі несие қарыздарының көлемі 5,4 трлн теңгені құрады, делінген агенттіктің ресми хабарламасында.
Мемлекеттік кредиттік бюроның деректеріне қарасақ, қарыз алушылардың көбінде берешектің орташа сомасы 339,2 мың теңге.
Тұтынушылық қажеттілік үшін несие алушылардың негізгі үлесі Алматы (24,1%), Нұр-Сұлтан (9%), Шымкент (7%) сынды ірі қалаларда.