Елімізде өрт салдарынан 7 адам қаза тапты

Мекеме ақпаратына сәйкес, өткен тәулікте Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында 11 сағат 6 минутта екі қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінде өрт шықты. 2 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірген кезде 34 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Өртті ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 4 адамы мен 11 техникасы 11 сағат 34 минутта сөндірді.

Сонымен бірге Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданындағы Октябрьский ауылында 19 қаңтарда 4 сағатта 7 шаршы метр аумақта шыққан өртті сөндірген кезде төрт адамның мәйіті табылды. Өрт 4 сағат 40 минутта сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Бұған қоса Қарағанды облысы Теміртау қаласында 19-қаңтарда 2 сағат 6 минутта жай үйдің өртенуі салдарынан екі адам мерт болды. Өрт 150 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 24 адамы мен 4 техникасы 4 сағат 20 минутта сөндірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті