Астанада жеке меншік жай үйде болған өрт салдарынан бір отбасының үш адамы, соның ішінде 1 және 9 жастағы екі бала уланып ауруханаға түсті. Өрт 80 шаршы метр аумақты шарпыды. Тілсіз жау бес сағатта сөндірілді.
Алматыда жеке меншік үйде болған өрттен бір қария қаза тапты.
Қарағанды облысы Молодежный кентінде шыққан өрттен бір адам мерт болып, тағы біреуі көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жатқызылды.
Павлодарда көп қабатты тұрғын үйде болған өрт салдарынан 65 жастағы әйел қаза тауып, бір жастар шамасындағы бала улану белгілерімен ауруханаға жатқызылды.