Мәселен, Алматыда шетелдік автокөлік жүргізушісі 74 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шегуші оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ, Алматы облысында Алматы-Түрген автожолында жүргізуші әйел автокөлігін аударып алу салдарынан қаза тапты.
Қарағанды облысында Қарағанды-Алматы тас жолының 70-ші шақырымында "Тойота" автокөлігінің жүргізушісі машинасын аударып алды. Соның салдарынан жүргізуші қайтыс болып, көлікте отырған 33 және 8 жастағы екі жолаушы жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.