Елiмiзде педофилдердi химиялық пiштiру жазасы 2018 жылдан енгiзiледi

«Педофилдерге қатысты қылмыстық iстi тергеу барысында сот-психиатриялық сараптама тағайындалатын болады. Бұл экспертиза қорытындысы адамның кәмелеттiк жасқа толмағандарға әуестiгi бар екендiгiн көрсетедi. Осы қорытынды бойынша сот оған химиялық пiштiру жазасын кесу бойынша шешiм қабылдайды. Бұл норма елiмiзде 2018 жылдан күшiне енедi», - дедi Ә.Оспанов.

Айта кетейiк, педофилдердi химиялық пiштiру қарастырылған заң жобасы биыл қабылданды.