Елімізде пневмониядан қайтыс болғандардың саны екі есе өскен

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Министр соңғы екі жылдағы пневмонияға қатысты біріккен статистика туралы айтты.

"Алдыңғы кезең бойынша нақты сандар бар, оны жасырмаймыз. Ол жерде пневмонияның бірнеше түрі бар - вирустық, бактериялық, зең, коронавирустық. 2019 жылы 2 тамызға дейін 76 985 жағдай анықталса, 2020 жылы - 256 541 жағдай тіркелді. 

Оның ішінде, 2019 жылы 2033 өлім жағдайы болса, ал 2020 жылы 4042 адам өлімі тіркелген", - деді министр. 


Еске салайық, 17 шілдеде Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус пен пневмония статистикасы тамызда біріктірілетінін мәлімдеген болатын. Министр елімізде 1 қаңтар мен 15 шілде аралығында 234 187 пневмония дерегі тіркелгенін атап өтті.