деп хабарлайды KZ-today тілшісі.
Министрдің түсініктемесіне жүгінсек, бұл қаржы "жазасын өтеушілердің жағдайын жақсартуға, түзету мекемелері мен тергеу абақтыларын жаңалау және салу" мақсаттарына қосымша арналып отыр. "Жаңадан салынған қылмыстық-атқару жүйесі нысандары барлық халықаралық стандарттарға сай келеді",- деді ол. О.Жұмабековтың айтуынша, "жеке меншік түрмелер мен шаруашылық есептегі түрме бөлмелері дегенге мүлдем қарсы".
"Ең жоғары дамыған мемлекеттердің өзі қылмыстарды түп-тамырымен жоя алған жоқ. Біз де оның тамырына балта шабамыз деген жалған қиялдан арылдық. Ондай атты күн жуық арада туа қоймас",- деді әділет министрі.
"Қылмыстарды тым құрыса ауыздықтап, санын мейлінше қысқартуға талпыну дұрыс. Барша мемлекеттік органдар, соның ішінде бірінші кезекте құқық қорғау мекемелері осы бағытқа барынша күш салуы тиіс",- деді О.Жұмабеков.
Ал тұтқындар ахуалы туралы ол : "түрмелерді қаржыландыру - кез-келген мемлекет міндетті түрде арқалап алатын аурытпалық. Ал түрмелер жеке меншікке көшсе, онда тәртіп болмайды",- деп пайымдайды ол.