Елімізде қаңтар және қыркүйек айлары аралығында Жер заңнамасын бұзуға қатысты 1,2 мың дерек әшкереленген

"Ағымдағы жылдың 9 айында инспекторлық қызмет, агенттіктің облыстық және қалалық аумақтық органдарының күшімен жер заңнамасының сақталу жайына 2200 тексеру жүргізіліп, соның нәтижесінде заңнаманы бұзуға қатысты 1229 дерек әшкереленді",- деді Б.Оспанов.

Оның айтуынша, 390 дерек бойынша ескерту беріліп, 795 жағдайда заң бұзушыларға қатысты әкімшілік жаза жүктеліп, 13 млн. теңгенің айыппұлы салынды. 194 жағдайда тексеру материалдары сот органдарына жолданды.

"Анықталған 533 заң бұзу дерегі жойылып, қалған бөлігі жойылу үстінде",- деді Б.Оспанов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті