Елімізде қар жауып, көктайғақ болады

"Алдағы үш тəулікте ауа райында өзгеріс болмайды. Бұрынғыдай Орал аймағынан бірінен кейін бірі ығысатын суық атмосфералық фронттардың ықпалында болады", — деп хабарлайды Қазгидромет.

Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр, қар түседі, оңтүстік жəне оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында күшті жауын-шашын, көктайғақ жəне тұман болады. 

Түнгі ауа температурасы 0, —8°С, күндізгі 0,…+8, оңтүстік облыстарда +2…+13, бұл климаттық нормадан 3…6°С төмен.