Елімізде қаруын тапсырмағандар жаңа жылдан бастап қылмыстық жазаға тартылады

Полицейлер 2 жарым мың қаруды 160 миллион теңгеге сатып алған. Ал тәртіп сақшылары арнайы пунктке жиналған қару-жарақтардың жарамдылығын тексеріп әлек. Істен шыққандарын қоқысқа тастайды. Науқан аяқталғандықтан, 1-ші қаңтардан бастап травматикалық қаруларды енді Ішкі Істер департаменттері сатып алмайды. Ал уақытында қаруларын өткізбеген тұрғындар қылмыстық жауапқа тартылмақ. Яғни, төрт миллион айыппұл салынып немесе 2  жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.  

Loading...