«Қару дүкендеріне талапты күшейтуге қатысты. Біздің елде олардың саны - 123. Олардың кейбірі тіпті спорт дүкендерінің ішінде орналасқан. Спорттық киімдерден бірден мылтықтарға еркін өте аласыздар. Әлемдегі тәжірибеде ондай жоқ, біз осындай олқылықтарға жол беріп алдық. Сондықтан қару дүкендеріне талап күшейтілді. Бірқатар қарулардың сатылуына тыйым салынды. Сатылымда аңшы мылтығы болмайды», - деді министр.
Бұның алдында хабарланғанындай, Ақтөбедегі оқиғадан кейін дүкен иелеріне
бейнекамералар орнатуды міндеттелуі мүмкін.