Елімізде «Қазақстан экологиясы балалар көзімен» атты байқау өтеді

«Биыл біз «Қазақстан экологиясы балалар көзімен» атты балалар байқауын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Мұндай байқау елде тұңғыш рет өткелі отыр. Жеңімпаздарға премьер-министр Кәрім Мәсімовтің дипломы табыс етіледі», - деді Г.Кәрібжанова жұма күні журналистерге.

Оның айтуынша, оқушылардың қоршаған ортаны қорғау тақырыбындағы суреттері мен шығармалары Тәуелсіздіктің 20 жылдығына бағышталады.
«Негізгі идея - экологияға, қоршаған ортаны қорғау проблемаларына балалардың көзімен қарау», - деп атап өтті департамент бастығы.
Г.Кәрібжанованың айтуынша, байқау өткізу туралы бастаманы үкімет басшысы да мақұлдаған. Қазір министрлік осы байқауға дайындыққа кірісіп кетті.
Наурыздың 1-інде басталған байқау 1-маусымға дейін жалғасады, деп атап өтті Г.Кәрібжанова.