Елімізде "Қазақстан Республикасы: тың және тыңайған жерлердің игерілгеніне 50 жыл" атты статистикалық жинақ жарық көрді

ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Бауыржан Тортаевтың тұсаукесерде хабарлауынша, жинақта 1953-2002 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстан және оның өңірлерінің дамуы туралы статистикалық ақпарат, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымдар, халық саны, ауылшаруашылығы өндірісіндегі құрылымдық өзгерістер туралы деректер келтірілген.

Сондай-ақ, Б.Тортаевтың айтуынша, өсімдік және малшаруашылығы, ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және халықтың тамақ өнімдерін тұтыну көрсеткіштеріне жинақта ерекше орын бөлінген.
Жинақ мелмекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамы, ғылыми қызметкерлер, журналистер мен студенттер тәрізді оқырмандардың үлкен қауымына арналған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР үкіметінің қаулысына сәйкес 2004-жылы тың және тыңайған жерлердің игеріле бастауына 50 жыл толуына арналған мерейтойлық шараларды өткізу жоспарланып отыр.