Елімізде қоқысты кез-келген жерге төгетіндер космостан бақыланбақ

Яғни, бұдан былай айналаны ластайтындар бақылау камерасына ғана емес, аспаннан да суретке түсіріледі. Сөйтіп,тазалық сақтамайтындармен ашық күрес жарияланды. Тың бастаманың авторы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы. Әсіресе, олар Елорда маңындағы тазалыққа ерекше мән беріп отыр. Өйткені, соңғы кездері қала шетіне шығып түрлі тұрмыстық қалдықтарды төгіп кетушілер көбейген. Мына сурет ашық орбитадағы сол спуткиктердің түсірген алғашқы фотосы екен. Мұнда қызылмен қоршалған жерге әлдекімдердің қоқысты заңсыз төгіп кеткенін көруге болады. Егер жарты жолда қалдықты тастай салатын еріншектер анықталса ірі көлемде айыппұл күтіп тұр.  

Loading...