Яғни, жаңа жобаға сай, құрылысқа жер телімін бөлуден бастап, қызыл жолақ жүргізу, саралау, техникалық және рұқсат құжаттарын беру бір жүйеге біріктірілген. Сонда қағазбастылық қысқарып, нарықта құрылыс компанияларының қатары артады деген үміт бар. Ал бәсекелестік артса, сапаның да жақсаратыны аян. Бұған дейін елімізде құрылыс ережесін жергілікті шенеуніктер өз бетінше шешіп келген болатын. Сондай-ақ, тамыз айынан бастап мемлекеттік нысан, яғни, мектеп, балабақша, аурухана салуға қазынадан қаржы жаңа әдіспен бөлінбек.
Юлия Якупбаева, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары:
-Қазір жаңа нысанның құрылысы басталғанда бір баға белгіленеді де, ол сома ғимарат салынып біткенше жүз өзгереді. Содан Экономика министрлігімен арада дау туындайды. Бар мәселе 2001 жылы жазылған ескі нормада болып отыр. Ол қазіргі жағдаймен сәйкес келмейді. Ал, жаңа құжат күшіне енсе, мұндай кедергілер жойылады.
Loading...