Мұндай талап күшіне енген сәулет құрылысы туралы заңда жазылған. Осы құжат бойынша, құрылыс компанияларының басшылары мемлекеттік қабылдау комиссиясының алдында есеп бермейді. Енді дайын ғимараттың пайдалануға берілуіне кәсіпкерлердің өздері жауапты. Ал құрылыс апасыз жүргізіліп, мерзімінен кешіксе, компаниялар лицензиясынан айрылады. Тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ.
Төлеген Кұлышев, Астана қалалық мемлекеттік сәулет құрылыс басқармасының басшысы:
-Осыған дейін мораторийге байланысты тексере алмадық. Енді барлығы заңмен реттеліп отыр. Жекеменшік компаниялар таңнан кешке дейін құрылыс алаңында жүреді. Сондықтан сапаға солардың жауап беруі дұрыс.
Loading...