Елімізде құс тұмауына қатысты ахуал шарықтау шегінен өтті - ҚР ауылшаруашылығы министрлігі

"Құс тұмауына қатысты ахуалдың шарықтау шегі аптапты ай - тамызға дөп келді, ал қазір суық түсе бастағандықтан, қауіптің беті қайтты деуге болады",- деді ол.

"Бұдан былай елімізде бұл ауру анықталып тіркелуге тиіс емес. Бұл вирустың вируленттік қасиеті суық кезінде әлсірей түседі",- деді Т.Әбілғазин.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, құс тұмауы еліміздің солтүстік және шығыс бөлігіндегі 7 ауылда тіркелді. Т.Әбілғазиннің айтуынша, олардың төртеуінде дерт ошағын жоюға қажетті барлық шаралар атқарылып, карантин алынды. Ал Солтүстік Қазақстан облысының үш ауылында карантин әлі де жалғасуда.
Т.Әбілғазин Алакөл су бассейнінде жуырда қырылған 10 құстың табылғаны туралы ақпаратты растады. "Алайда, зертханаға тапсырылған материалдардан құстардың қарапайым дерті - пастереллездің қоздырғышы табылды",- деді ол.
Құс тұмауының таралуына жол бермеу шараларының аясында барлық елді мекендерде ауырған және ауырған кұспен байланыста болған 13 438 бас құс тәркілеіп өлтірілді. Құрбандлыққа шалынған құстардың өтемі ретінде иелеріне бюджеттен 5 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді.
1-қазанға дейін елімізде аң-құс аулауға тыйым салынды.