Елімізде қыс қарлы болады

«Ұзақмерзімді болжамға сәйкес, елімізде қыс ерте келіп, қарлы болады деп күтілуде. Қараша айының бірінші жартысында еліміздің солтүстік өңірінде қар тұрақты жамылғысы болады, ал оңтүстік өңірлерінде қарашаның екінші жартысында қар жатады»,-деді Г. Ақышева.

Оның сөзіне қарағанда, қарашада ауа райы құбылмалы болады, яғни жауын-шашын мен тұман, көктайғақ жағдайлары жиі болады. Атап айтқанда, Қазақстанның басым бөлігінде температуралық режім климаттық норма аясында қалыптасады, ал жауын-шашын нормадан артық түседі деп күтіледі.

«Айтарлықтай суық температураны қарашаның екінші онкүндігінің соңында және үшінші онкүндікте болжап отырмыз. Ол кезде солтүстік, шығыс, орталық өңірлерінде ауаның сынап бағанасы түнде 15-27 градусқа дейін төмендесе, күндіз  8-15 температураны көрсетеді. Ал батыс, оңтүстік аумақтарда түнде 5-12, күндіз 0-5 градус деңгейінде байқалмақ»,-деді ол.